Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда өзін “медбикемін” деп таныстырған жас қыз зейнеткерлердің үйлерін аралап тонап кеткен

Қостанай қалалық прокуратурасы зейнеткерлерді алдап жүрген “медбикеге” қатысты істі зерттеуді бастады.

19120fd4d84f63c156fc07ba25b35b15

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Өзін медициналық мекеменің қызметкерімін деп таныстырған жас қыз зейнеткерлердің үйлеріне кіріп алып, ақша ұрлаумен айналысқан.

“Күдіктінің өзінің айтуынша, сенім білдірген адамдар оны өздері үйлеріне кіргізген. “Медбике” қандай да бір қылмыс жасауы мүмкін деген күдік олардың ойына кіріп те шықпаған. Бір зардап шегуші оған тіпті шай ұсыныпты”, – дейді прокурор Айдар Бекназаров.

Ол жалпы сомасы 100 000 теңге ұрлаған. “Медбикеден” тек 2000 теңге ғана тәркіленген. Ал зейнеткерлерден жымқырып кеткен қалған ақшаны ол жаратып үлгеріпті. Қазіргі таңда қылмыстық іс сот қарауына жіберілді.

“Қостанай қалалық прокуратурасы тұрғындар мен қала қонақтарын осыған ұқсас жағдайларда өте мұқият болуға шақырады. Қандай да бір мекеменің өкілімін деп таныстырған адамның алдымен құжатын сұрап немесе аталған мекемеге хабарласып шынайылығын тексеріңіздер”, – дейді прокурор.

Оқи отырыңыз:

Алматыда трамвай рельстерінің орынына ұзындығы 7 шақырымнан асатын веложолдар салынбақ

Мойнында қарызы бар атышулы Үсеновтің шетелге қалай шыққаны белгілі болды

Солтүстікте тауарын алмаған зейнеткерді екі сыған әйел сабап тастады

Елордалық таксист шетелдік туристі әуежайдан қонақүйге дейін 40 мың теңгеге апарған

Талқылау