Қостанайда өз күйеуін өлтірген 73 жастағы зейнеткер әжейге үкім шығарылды

Сейсенбі, 19 Шілде , 2016 15:45

Бүгін Қостанай облысының арнайы мамандандырылған ауданаралық соты өз күйеуін өлтірді деп қамалған 73 жастаға Юлия Чиловаға ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты деген үкім шығарды.

large_bf2bac29a0

Сурет: www.ridus.ru 

«23 ақпан күні Қостанай ауданы Владимировка ауылының тұрғыны Владимир Чилов әйелінен 1000 теңге алып, дүкеннен арақ сатып алған. Шамамен алкогольді ішімдікке мас күйінде үйіне келіп, әйелін балағаттай бастаған. Қаңтар айында орны толмас қайғы – ұлдары қайтыс болған. В.Чилов марқұм ұлдарының өзінен емес екенін айтып, айыптай бастағанда, шыдамы таусылған Юлия Иосифовна балтамен күйеуінің басына, мойны мен кеудесіне бірнеше зақым келтірген», – деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Зейнеткер әйел есін жиғанда бәріне кеш еді. Оқиға орнына келген медбике кісі өлімін тіркеп, полиция қызметкерлерін шақырған.

Сот үкімімен азаматша Ю.Чилова жалпы режимдегі түзету колониясына 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Өскеменде кәсіпкермен шатастырып басқа адамды өлтірген киллер сотталды

Қызғаныштан сүйіктісін өлтірген ОҚО тұрғынына қатысты сот үкімі шықты

Көкшетауда келіншек ауру күйеуін тұншықтырып өлтірді

Қызылордалық әйел шемішкенің қабығы үшін күйеуін пышақтап өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар