Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында белгісіз ер адамның денесі табылды 

Қостанай облысында полицейлер белгісіз ер адамның денесін тауып алды, деп Stan.kz хабарлайды.

Полицейлер мәйіті табылған ер адамның туыстарын іздеуде.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстағы Таран ауылынынан ер адамның денесі табылды. Мәйіт орман ішінен табылды. Полицейлер марқұмның заттары арасынан суретін тапты. Суретті көпшілікке жариялап, көмек сұрады.

Суреттегі ер адам жайлы қандай да бір ақпарат білгендер болса, «102» хабарласуын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау