Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда оқушы қыз “алкоголизм” диагнозымен есепке тұрғызылды

Қостанай облысында мектеп оқушысы “алкоголизм” диагнозы бойынша есепте тұр.

см

Сурет alcoslave.ru

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

“2016 жылы Рудныйда “алкоголизм” диагнозы бойынша профилактикалық есепке 119 әйел тұрғызылды, олардың ішінде біреуі қыз бала. Қаңтар айында Рудный ауруханасына полиция қызметкерлері алкоголдік мас күйде деген күдікпен 14 жастағы қызды әкелді. Медициналық тексеру барысында оның алкоголдік мастықтың жеңіл дәрежесінде екені анықталды”, – делінген Рудный психатриялық ауруханасының ресми хабарламасында.

Бұдан кейін қыз ата-анасымен бірге дәрігер-наркологтың қабылдауына шақырылған. Анасының келісімі бойынша қызды есепке тұрғызған. Дәрігерлердің айтуынша, ол ауқатты отбасының қызы екен. Отбасы мүшелерінің ішімдікке әуестігі жоқ. Ал оқушы қыз болса енді профилактикалық бақылауда болады. Қыз өз кезегінде, достарымен қыдырған кездерде де ішімдіктен бас тартпайтынын мойындаған.

Талқылау