Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда Левит пен Дычкоға автокөліктер сыйға тартылды (фото)

Бразилиядағы жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлері Василий Левит пен Иван Дычкоға Қазақстанда шығарылған көліктер сыйға тартылды.

20160924132945

Бұл туралы «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі Team LEVIT тобында хабарланды.

20160924132903

«Кеше қостанайлық өндірушілер үшін оқиғаға толы әрі маңызды күн болды. Машина жасау саласының өкілдері Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы техикасы өндірісінің ағымдағы жағдайы туралы баяндап, JAC электромобильдері таныстырылды. Елбасы жеке өзі электромобиль JAC көлігін сынақтан өткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левитпен кездесті»,-деп атап өтілген хабарламада.

20160924132822

Ал түстен кейін жаңа теннис кортында Дычко мен Левит жас спортшылармен жүздесіп, сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар спортшыларға қошемет көрсету аясында оларға JAC S3 көлігі сыйға тартылды.

20160924132920

Бұдан бұрын хабарланғандай, Олимпиада финалында Евгений Тищенко Василий Левитті жеңгеннен кейін залда отырған жанкүйерлер ресейлікке жеңісті алып берген төрешілер шешіміне наразылық танытты. Спортшылар 91 келіге дейінгі салмақ санатында жұдырықтасқан болатын. Кездесу аяқталғаннан кейін бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңіс 2015 жылғы әлем чемпионы ресейлік Евгений Тищенкоға берілді. Мұндай шешімге риза болмаған көрермендер айқайлап, наразылықтарын танытты. Тіпті бірқатары «Қазақстан!» деп ұрандатқан да болатын.

20160924132935

Содан кейін ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі Рио Олимпиадасының күміс медалін еншілеген Василий Левитке 250 мың доллар сыйақы берілетінін хабарлады.  Аталған сома Олимпиада алтынын алған спортшыға берілетін сыйақымен тең.
«Василий Левит Олимпиада рингінің финалдық кездесуінде тамаша нәтиже, жеңіске де айрықша ерік-жігер көрсетті. Ол Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алғаннан кейін оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы береді. Бұған қоса, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың шешімімен аталған сомаға тағы да 100 мың доллар қосылады. Осылайша Левиттің сыйақысы «алтынмен» теңеседі», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ федерация Левитті Олимпиада медалімен құттықтап, оның Қазақстан Бокс федерациясының, жаттықтырушылар штабының және бүкіл елдің сенімін ақтағандығын атап өткен.

Жіберіп алмаңыз:

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 22-кездесуін Қазақстанда өткізеді

Мұсылман әйел ерлерге қол беріп амандасу керек болғандықтан жұмысынан шығып кетті

Актер Андрей Мягков қатты ауырып жатыр

Талқылау