Қостанайда қыздың тамағына ағаш жанқасы тұрып қалғаны үшін наубайхана небәрі 50 мың теңге төлейді

Қостанай сотының шешімімен наубайхана жәбірленушіге залал келтіргені үшін 50 мың теңге төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Айта кетейік, бұған дейін 14 жастағы қыздың тамағына ағаш жаңқасы тұрып қалғанын хабарлаған едік. Анасы наубайхананы сотқа беріп, 300 мың теңге өтемақы төлеуін талап еткен.

Сот шешімімен наубайхана Алина есімді зардап шегуші қызға 50 мың теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Сот төрешісі Әлібек Тілеушев мұның жеткілікті сома екенін атады.

Сот шешімінде «ИП Пасечник» наубайханасының жәбірленушінің шағымына кері дәлел таба алмағаны да айтылды. Одан бөлек наубайхана адвокат қызметі үшін 60 мың теңге төлейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар