Қостанайда құны 86 миллион теңге тұратын пегас ескерткіштерін қоймақ (фото)
Қостанайдың үлкен көпірінде құны 86 миллион теңге тұратын пегас ескерткіштерін қоймақ. Бүгін қаланың төрт жеріне дайын қола жылқы ескерткіштерін қойды.
Бұл туралы Наша газета басылымы хабарлайды.
Қостанай әкімдігі бөлімінің жетекшісі Сәлімжан Досымовтың айтуынша, ескерткіш мүсінінің эскизі байқау нәтижесінде таңдалған.
Айта кетейік, маусым айында Үлкен көпірде қанатты «Пегас» ескерткіш мүсінін қоюға ең үздік эскиздер байқауын жариялаған еді. Оның құны 86 миллион 199 мың теңгеге бағаланған.
Жылқы бейнесіндегі мүсін қоладан жасалып, алтын түсті етіп көрнекіленген. Төрт ескерткіштің әрқайсысы болат тұғардан жасалып, гранитпен қырланған. Жалпы аумағы 173,288 шаршы метрді құрайды.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағанды облысында қиярға ескерткіш қойылды
Африкалық әйелдер құрсақ көтеру үшін қолдан жасалған ескерткішке сыйынады (фото)
Талқылау