Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда көшеде тыр жалаңаш жүрген қария ұсталды

Қостанай тұрғыны көшеде тыр жалаңаш жүргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Қостанайда көшеде тыр жалаңаш жүрген қария ұсталды

Сурет: alau.kz/видеодан скриншот

Оқиға 12 шілдед орын алған. Куәгерлер жалаңаш жүрген ер адамды видеоға түсіріп алып, желіде жариялаған.

Анықталғандай, көшеде жалаңаш жүрген ер адам 56 жаста болып шықты.

Өңірлік полиция мәліметінше, заң бұзған адам «Бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аталған бап бойынша 200-ден 500 АЕК-ке (481 мың теңгеден бастап миллион теңгеден аса) дейін айыппұл салынуы, қоғамдық жұмысқа тартылу немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау