Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Қостанайлық полиция 35 жастағы Елена Войтенконы 1 аптадан аса уақыт бойы іздеп жатыр. Ол 30 қазанда үйінен кетіп қалған.

Қостанайда келіншек жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Бұл туралы «Костанайские новости» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қсотанай полициясының Оңтүстік бөлімі таратқан мәліметке сәйкес, Елена Войтенко өз пәтерінен шығып кетіп, сол күйі оны ешкім көрмеген. Оның телефонына қоңырау шалу да нәтиже бермеді.

Елена Войтенконың белгілері: бойы 170-172 сантиметр, арық денелі, сары шашты. Ақшыл сары түсті ұзын пальто, қара түсті шалбар киіп, мойынорағыш таққан.

Елена туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден +7 702 492 99 92, +7 747 655 21 63, +7 (7142) 52-68-61, +7 (7142) 52-68-50 (кезекшілік бөлім), немесе 102 нөміріне қоңырау шалу сұралады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау