Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда Қазақстанның туы мемлекеттік ғимарат қасындағы қоқысқа тасталған

Қостанайдағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ауласындағы қоқыс контейнеріне Қазақстанның туы тасталған.

701

Бұл туралы “Наша газета” хабарлайды.

Суретті 4 қараша күні журналистер түсіріп алған. “Мемлекеттік тудың қоқыс арасына неліктен түскенін анықтауға тырысып жатырмыз” деп жазады басылым.

Ал Қостанайдағы ХҚК департаментінің қоғаммен байланыс менеджері Эльмира Сейілханованың айтуынша, қоқыстан табылған мемлекеттік ту бұл мекемеге тиесілі емес екен.

700

“Біздің ту өз орнында ілініп тұр, ол құлаған жоқ. Ал бұл қоқыс контейнері аулада, онда біз ғана емес жақын орналасқан үйлер де қоқыстарын әкеліп тастайды”, – дейді ол.

Кейінірек, басылым жедел-тергеу тобы оқиға орынына барғанын хабарлады. Алайда Таран, 116 мекен-жайына барған өкілетті орган қызметкерлері туды таппаған. Қостанай облыстық ІІД аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оқи отырыңыз:

Оралдық жезөкше ішіндегісін жайып салды: Мені 150 000 теңгеге сатып алған

Арыстанбек Мұхамедиұлы боксшы Қанат Исламға шапан жапты (фото)

Белгілі журналист Бибігүл Жексенбай Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Тұңғышбай Жаманқұловтың денсаулығы нашарлап кетті

Талқылау