Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда қарсы жолаққа шығып кеткен көлік жүргізушісі сотта өзін ақтап алды

Қостанай облыстық соты қарсы жолаққа шығып кетіп көлік жүргізу құқығынан айырылған 24 жастағы азаматты әкімшілік жауапкершіліктен босатты. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

8151408

Сурет newskaz.ru

Соттың мәліметінше, осы жылдың 10 наурызында сағат 16.00 шамасында Абай мен Павлов көшелерінің қиылысында “Lada 21703” көлігін тізгіндеген жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетеді. Жүргізуші аталған жолда қысқа жолақ сызықтар жоқ екенін айтып, өз әрекетінің қарсы жолаққа шығып кеткен болып есептелмейтінін жеткізген. ол сондай-ақ, жолда шұңқыр болуы да себепті, айналып өтуге тура келді деген. Алайда Қостанайдағы мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылған.

Алайда істі қайта қараған сот, көлік жүргізушісінің қарсы жолақпен жүрмей, қайтадан өз жолына оралғанын хабарлаған.

“Түсірілген фото-анықтамалар шұңқырдың шынында да кедергі болғанын, тек оны айналып ғана өту мүмкін екенін анықтады. Шұңқырдың іші сол кезде суға толы болған. Жүргізуші жол ережесін бұзу әрекетіне амалсыздықтан барған”, – деген сот хабарламасында.

Ақыры сот шешімімен азамат И. әкімшілік жауапкершіліктен босатылған. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Талқылау