Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда ірі жол апаты кезінде мотоциклші мерт болды

Қостанайдағы Абай даңғылында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Екі жеңіл көлік пен мотоцикл соғысып, салдарынан мотоциклші көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Infiniti мен Peugeot автокөліктері соғысып, артынша олардың бірі мотоциклшіні қағып кетті. Бұдан бөлек, жеңіл көліктің бірі жолаушылар автобусына тиіп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, соққының ауыр болғаны соншалық, мотоциклден ештеңе қалмаған. Ал екі көліктің жолаушылары ауруханаға жеткізіліпті. Автобус жүргізушісіне зақым келмегені белгілі болды.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда трамвай тағы бір жеткіншекті қағып кетті

Алматыда автобуспен соғысқан көліктің күл-талқаны шықты

Көкшетау тұрғынын тиісті орган қызметкерлері қаңғыбастар зиратына көміп тастаған

Шымкентте тоғыз жасар бала пойыз астына түсіп аяғынан айырылды

Талқылау