Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда ер адам туған әжесін аяусыз тепкілеп өлтірді

Жітіқара аудандық соты 34 жастағы жұмыссыз Владимир Воробейге үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

7878

Жалтыркөл ауылының тұрғыны 7 ақпан күні кешкі 17:00 кезінде алкогольді мас күйде 1930 жылғы туған әжесін аяусыз ұрып тастаған. Немересінің қатты соққысынан есеңгіреген әжей сол жерде көз жұмады.

Сол күні есік алдында жұмыс істеген Воробей спирттік ішімдік ішеді. Ол үйге кірген кезде әжесінің жанында ер адам жатқан сияқты болады. Ол әлгі адамды итеріп, басынан аяғымен тепкілейді. Кейін аңғарып қараған кезде барып оның өз әжесі екенін байқайды. Бірақ, әжесінің жағдайы ауыр екеніне қарамастан жедел жәрдем шақырмаған.

Келесі күні немересі әжесінің өлі екенін біледі. Осыдан кейін ол көршілеріне хабар беріп, олар полиция шақырған.

“Сот үкімімен Воробей кінәлі деп танылды. Сот оны 8 жылға бас бостандығынан айырады. Үкім заңды күшіне енген жоқ”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі табылды

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Талқылау