Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда жатақхана ғимаратының күлі көкке ұшты

Қостанай қаласында ірі өрт апаты орын алды. Екіқабатты жатақхана ғимараты шатырымен бірге жанып кетті. Тұрғындар тілсіз жаудан құтқарылып далаға шығарылды. Алайда 25 градус қақаған аязда құжаттарсыз, ақшасы, киімсіз ең қиыны баспанасыз қалып отыр. Бұл жайлы КТК телеарнасы хабарлады. Безымянный

Жатақханада әрқайсысында екі-үш адамнан орналасқан барлығы 26 бөлме болған. Құтқарушылар олардың жетеуін ғана құтқарып үлгере алған. Зардап шеккендер уақытша көршілерінің үйіне орналастырылды. Тұрғындардың ендігі тағдыры қалай болары қала билігіне байланысты.

Өрт бір уақытта үш бірдей қапталдан шыққан.  Тіпті көрші ғимаратқа жанасып кету қаупі болған. Өрт кезінде газ балонының да жарылуы жағдайды ушықтыра түскен. Зардап шеккендер туралы әлі нақты ақпараттар жоқ.

Талқылау