Қостанайда екі бухгалтер 43 млн теңгені жымқырды деп айыпталып отыр

Дүйсенбі, 21 Желтоқсан , 2015 14:46

Қостанай қаласының №2 сотына «КБ-911» ЖШС-де бас бухгалтерлер қызметін атқарған 63 жастағы және 41 жастағы азаматшаларға қатысты қылмыстық іс түсті.

6-3

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қос бухгалтер аса ірі көлемде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап етуде және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзды деп айыпталып отыр.

Тергеу материалдары бойынша, 2007 жылдан 2012 жыл аралығында материалды жауапты тұлға болған әйелдер қаражат иемденген. Олар өздерінің банктік карт-шоттарына жалақы, тағы да басқа төлемдер түрінде қаржы аударып отырған. Сонымен қатар аталған ЖШС-те жұмыс істемеген немесе жұмыстан шыққан адамдар атына да есептік-кассалық ордерлер жасаған. Өз ұрлықтарын жасырмақ болған есепшілер ЖШС жұмыскерлері атынан кассадан ақша алу кейін оны қайта тапсыру әрекеттерін жүргізген.

Бас есепшілердің заңсыз әрекеттерінің салдарынан ЖШС-ке жалпы мөлшері 43 047 724,72 теңге болатын материалдық шығын келтірілген.

Қазір екі есепші ҚР ҚК-нің 176-бабы 4-бөлігі (1997 жылы редакцияда) және ҚР ҚК-нің 241-бабы бойынша айыпталып отыр.  (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету) және (Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу).

Іс бойынша басты сот отырысы ағымдағы жылдың 28 желтоқсанына тағайындалды.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар