Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда депутат мұқтаж студенттің оқу ақысын төлеп берді

Қостанай облыстық мәслихат депутаты колледж студентіне қолдау көрсетіп, оқуының ақшасын төлеп берді. Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлады.

Алексей Дерунов ата-әжесінің қамқорлығында қалған. Колледждің ақылы бөлімінде оқып жатқан студенттің отбасылық жағдайы оқу ақысын көтере алмаған. Ол жастар арасындағы “Жаркөл” футбол клубында белсенді ойыншы атанып, көптеген жарыстарда аудан атын шығаруға ат салысқан.

Сондықтан, Алексей ойнайтын футбол клубының директоры оқуын бітіргенше қаржылай демеуші іздеп, “Жас Отан” аудандық филиалының төрағасына өтінішпен барған. Сөйтіп, депутат өтінішін жерге қалдырмай студенттің оқу ақысын төлеп беруге келісімін берген.

“Кейінгі  жастарға  қолдау көрсету – алдыңғы буын өкілдерінің мақсат-мүддесі болуы тиіс деп ойлаймын. Біз артымызға үлгі боларлықтай, өнеге аларлықтай із қалдыруымыз керек. Ал әлгі студенттің оқуға деген құлшынысы зор. Тек қолдап, демеп жіберсек болғаны”, – дейді  Қостанай облыстық мәслихат депутаты, “Нұр Отан” партиясының мүшесі Юрий Малышко.

Тағы оқыңыз:

Балықшы теңізге түсіріп алған телефонын 2 күннен кейін аулап алды

ОҚО-да “Цеснабанк” филиалының басшысы салымшылардың ақшасын алып, қашып кетті

Карина Абдуллинаға таңғы ас әзірлеп жүрген жалаңаш ер азамат кім?

Талқылау