Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық ана дәрігерлер қателігінен көз жұмған баласы үшін 10 млн теңге талап етуде

Қостанайда ана дәрігерлердің қателігінен көз жұмған баласы үшін медициналық мекемеден 10 миллион теңге талап етуде. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

вввв

Дәрігер қателігінен қайтыс болған 4 жасар баланың анасы Қостанай қалалық соты арқылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансерге моральдық шығын өндіріп алу туралы шағым түсірген.

“2010 жылы төрт жастағы ұлы Қостанай облысындағы туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылып, оған ол жерде дұрыс емес ем жасалған. Қатты әсер ететін препараттар қабылдаған бала есін жинай алмай қайтыс болды. Дәрігерлердің балаға мұқият қарамай, өрескел қателік жібергені толықтай дәлелденді”, – делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Қостанай қалалық №2 соттың шешімімен ҚР ҚК 114 бабы 4 бөлімі негізінде айыпты деп танылған дәрігерлер сотталған болатын. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген.

Ал баланың анасы болса соңғы бес жыл бойы әділдікке жете алмай шарқ ұрып жүрген көрінеді. Баланың қайтыс болуы анасының психологиялық эмоциялық мінезіне де әсер еткен.

Талқылау