Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда дәрігерлер ауыр жарақат алған жігітті өлім аузынан аман алып қалды

Қайғылы оқиға Ұзынкөл ауданында болған. Түн ішінде облыстық ауруханаға ішкі ағза мүшелері жарақаттанған жас жігіт түскен. Дәрігерлер 5 сағат бойы оған ота жасап, жігітті аман алып қалды.

84_main

Бұл alau.kz хабалайды.

«Ота жасау кезінде кеудесінен бастап асқазанының ішіне дейін жарақат алғанын байқадық. Оң жақ бүйрегіне зақым келіп, көп қан кеткен. Науқас қазір есін жиды, алайда не болғаны есінде жоқ», – дейді дәрігер анестезиолог Мансұр Қараев.

Науқас Александр Макаров түнде көшеде келе жатқанын ғана біледі. Одан әрі не болғанын есіне түсіре алмады.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі науқастың төбелес салдарынан осындай жағдайға душар болғанын айтады. Қазір «Адам денсаулығына зиян келтіру» бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Салмағы 350 келі болатын қостанайлық әйелге отаны тегін жасайтын болды (фото)

Қарағандыда босанған келіншекті дәрігерлер мүмкіндіктері бола тұра аман алып қалмаған

Айгүл Бабаеваның қызы күйеуіне бола пластикалық ота жасатты (фото)

Талқылау