Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда біреуге жалған хаттама толтырған полицей оның айыппұлын өзі төлеген

Қостанай қалалық №2 сотына Қостанай облыстық ІІД-нің жол патрульдік полицейі 1991 жылғы Б-ға қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдерді бұрмалағаны үшін ҚК 416-бабы 2-бөлімі бойынша айыпталды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

4488

Сурет autokost.kz

Іс материалына сәйкес 2015 жылғы 26 шілдеде Б. жол патрулі құрамында кезекшіліктен кейін полицияның «Interface» электрондық деректер қорынан кездейсоқ П. есімді адамды тауып алады. Ол оның атына қатаң есепке алынатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.

Азаматша П. өзін әкімшілік жауапкершілікке тартқанын кездейсоқ біліп, ІІБ-ге шағымданған. Б. қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында П-ның орнына өзі аталмыш құқық бұзушылық бойынша 9 910 теңге айыппұл төлеген.

Бұдан басқа ол жеке сот орындаушының 2 578 теңге төлемін төлеген. Осылайша азамат Б. азаматша П-ның құқығы мен мүддесін бұзған. Оған жауапкершілікке заңсыз тарту арқылы зиян келтірген.

Басты сот талқылауы 15 мамырда түстен кейін өтеді.

Талқылау