Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда әкімшілік қызметкеріне қорап кәмпит берген азаматқа 396 мың теңге айып салынды

Қостанай облысында Б. есімді азамат бөлім басшысының кабинетінде оған бір  қорап кәмпит сый ретінде берген.

2712122050_1933133868-11

Бұл туралы STAN.KZ  Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік қызметкеріне бір қорап кәмпит берген берген ер азаматқа 396 мың теңге көлемінде айып тақты. 1987 жылы дүниеге келген Б. есімді азаматқа қатысты сот ісі ҚР ҚК 676 бабы, 2 бөлімі бойынша (Жеке тұлғаларға заңсыз түрде ақшалай сыйақы беру) қарастырылып жатыр. Құжат бойынша Б. есімді азамат 20 наурызда “Қостанай қаласы әкімшілігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ басшысының кабинетінде директорға сый ретінде заңсыз бір қорап кәмпит бергені үшін айыпталды. Жауапты Б. есімді азамат өз кінәсін мойындап, әрекеті үшін өкінетінін айтты.

Талқылау