Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық әйел қонағын пышақтап өлтіріп мәйітін жасырмақ болған

Қостанайда 33 жастағы әйел қонағын пышақтап өлтіріп, мәйітті жасырып тастауға әрекеттенген.

20161108092433

Қазіргі таңда облыстық қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сот “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық істі қарап жатыр.

Облыстық соттың баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, оқиға 2016 жылдың 23 маусымында таңғы 07.00 шамасында болыпты. Осы уақытта айыпталушы өзінің күйеуімен және балаларымен Қостанайға оралған. Бұл кезде күйеуі мен оның досы үйге қайта-қайта келіп арақ ішеді.

Әйел болса үйде балалар ұйықтап жатқанын айтып, қонаққа қатты сөйлеме деп ескерту жасаған. Ашуланған қонақ әйелге бас салмақ болғанда, ол кәдімгі ас үй пышағын оның кеудесіне салып алған. Ауыр жарақаттан әлгі адам бірден сол жерде көз жұмады.

Бұдан соң ол күйеуімен бірге мәйітті орап, орман жаққа апарып лақтырып тастайды. Қазіргі кезде сот істі қарап, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейде зейнеткер істемей қалған теледидары үшін альпинистің арқанын кесіп жіберді

Мұхамедиұлы Жаманқұловтың президентке арнаған үндеуіне қатысты жауап берді (видео)

Бауыр доноры болған соң босанған жалғыз қазақстандық әйел дәрігерлерді таң қалдырды

Талқылау