Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда аязда жолда қалған жолаушыларға көлікпен жүргендердің ешқайсысы көмектеспеген

Жол полицейлері аязда қалған Затабольск тұрғындарына көмектесіп, аман алып қалды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қала тұрғыны Максима Журавлев полицияға хабарласып, басшылыққа екі полицейдің ерлігін айтқан.

22-нен 23-не қараған түні Максим жолдастарымен жүк көлігімен Челябинсктен қайтып келе жатады. Воронежское ауылының маңында отыны таусылып, далада қалады. Олар өзге жүк көлігінің жүргізушілерінен көмек сұрамақ болады. Бірақ ешкім тоқтамайды.

Осы кезде патрульдік полиция көлігі өтеді. Аға сержант Самат Насильбеков пен серіктесі Ержан Ізтілеуов ер азаматтардан көмек керек пе деп сұрайды. Алайда олар бас тартады. Полцейлер телефон нөмірін қалдырады.

“Үш сағаттан соң Максим хабарласып, көмек керек екенін айтты. Біз 50 шақырым жерде едік. Жолдан ыстық шай мен дизель, тамақ алып сол мекен-жайға бардық”, – дейді Насильбеков.

Полицейлер келе сала ер адамдарды тамақтандырып, көлігіне отынын құйып береді.  Көліктің қатып қалған аккумуляторын іске қосады.

“Жол бойы олармен хабарласып тұрдық. Самат пен Ержан біздің жағдайымызды жеткенше сұрап отырды. Бізде жүргізушілердің ешқайсысы көмектескен жоқ. Ал, полицейлер өз ісінің маманы екенін көрсетті. Оларға алғыс айтамыз”, – дейді Максим.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау