Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда автобус жүргізушісі 40 теңге үшін баланы көліктен шығармай қойды

Қостанайда қоғамдық көлік жүргізушісі 14 жастағы баланы автобустан түсірмей қойған.

3232

Бұл туралы “Костанайские Новости” хабарлайды.

Баланың анасының айтуынша, жүргізуші баланың жол ақысын төлегеніне көңілі толмаған.

“22 тамыз күні шамамен 21:40 кезінде 25-ші бағыттағы 180 YLM нөмірлі автобус жүргізушісі Руслан менің ұлымды автобустан түсірмей қойған. Ол ұлыма жасың 15-те, сол себепті 80 теңге төлеу керексің деп тұрып алыпты. Ұлым 40 теңге берген кезде, “Қай жылғысың?” деп сұраған. Ұлым 2002 жылғы екенін айтқан соң, ол дөрекі дауыспен “тағы 40 теңге қос” депті. Ал балам болса: “Мен 19 қыркүйекте тудым, әлі 15-те емеспін” дейді. Бірақ, жүргізуші айтқанынан қайтпаған. Межелі аялдама жеткен кезде ұлымды түсірмей қояды. 14-те екеніне сенбей туу туралы куәлігін көрсетуді сұрайды”, – дейді анасы.

Сосын жүргізуші салондағы жолаушылардың баланы жақтағанына қарамастан, есікті жауып алып әрі қарай сапарын жалғастыра берген. Кейін бала смартфонынан құжаттың көшірмесін көрсетпек болады. Бірақ, жүргізуші рөлде келе жатырмын деп қарамай қойған. Ал “Наурыз” аялдамасына келген кезде “ата-анаға хабарлас, біз базаға кетеміз” дейді. Кейін сол жерге анасы барып араласқаннан кейін ғана ұлын автобустан шығарып алған. Бірақ, жүргізуші сонда да өз дегенінен қайтпай, баланы көлік салонынан шығармауға тырысыпты.

Оқи отырыңыз:

Үлкендерге сәлем салуды шариғатқа қайшы деген жігіт жұртты шошытты

Елімізде бетін тұмшалап жүргендерге 200 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

Елімізде латын әліпбиі мектептерде қай жылдан бастап оқытыла бастайды

Астанада полицейлер батыр ананы 7 баласымен паналап отырған жертөледен қуып жатыр

Талқылау