Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда автобус 5 жасар бала мен анасын қағып кетті

Қостанайда маршруттық автобус 5 жасар бала мен анасын қағып кетті.

Оқиға 10 қыркүйекте болған, деп жазады Қостанай жаңалықтары. 

Маршруттық автобустардың бірі әйел мен оның баласын қағып кетті. Зардап шегуші анасы мен баласы ауруханаға жатқызылды.

“Бала бірден жансақтау бөліміне түсті. Кейін травматологияға ауыстырдық. Басы жарақат алып, бас сүйек миына зақым келген. Жағдайы тұрақтанды. Анасы да бірцге ауруханада жатыр”, – деп түсіндірді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий.

Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір тергеу жүріп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау