Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда автобекет ғимаратына тастап кеткен баланың суреті пайда болды

Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженар хабарлағандай, қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Қостанай автобекетінің ғимаратында қалдырылған баланың анасын іздеуде.

Қостанайда автобекет ғимаратына тастап кеткен баланың суреті пайда болды

Бұл туралы alau.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Анасы автобекет ғимаратына тастап кеткен бала қазір қауіпсіз жерде. Табылған сәби қаладағы «Дельфин» балалар үйіне орналастырылды.

Белгісіз әйелдің баласын автобекет ғимаратына тастап кеткен сәті онда орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Естеріңізге сала кетейік, тастанды баланы автобекет күзетшілері тауып алған болатын. Олар ана мен бала бөлмесінен баланың жылаған дауысын естіп, жүгіріп келген.

Бүгінде полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына баланың анасы туралы қандай да бір ақпарат білсе, ішкі істер органдарына 8-777-363-04-24 немесе «102» нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау