Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда сүндет жасаған соң баласының жағдайы нашарлап кеткендіктен анасы емханамен соттасуда

Анасы сотқа шағымданып, ұлын сүндеттеген емханадан 5 миллион теңге өтемақы талап етіп отыр.

circumcision-pic4_zoom-1000x1000-52682

Бұл туралы  ИА «NewTimes.kz» хабарлайды.

Алдағы уақытта 8 жасар баланың денсаулығына байланысты сот отырысы өтеді. Мәліметке сәйкес, 2015 жылдың 7 тамызында Қостанай тұрғыны емханаға келіп, ұлын сүндеттеткен. Ота құны 20 мың теңгені құраған. Анасы ұлының  аллергиясы бар-жоғаны алдын ала тексеру жүргізуді талап етпеген. Арада медициналық қызмет жөнінде келісім де жасалмаған.

Анасы ұлына отаны жалпылай нархоз беріп, лазер қолдану арқылы жасағанын айтады.

Алайда баланың ота жасалған жері жазылмай күн санап асқынып кеткен. Облыстық емхана дәрігері баланың жыныс мүшесін лазермен күйдіргенін, сондықтан отаны жасаған дәрігерге қарату керектігін айтыпты. Анасы ұлын дәрігерге екінші мәртке әкеліп қаратқанда ол қызуқандылық танытып, балаға өзі дұрыс қарамағанын айтып жекіп тастапты.

12 тамызда бүлдіршін орташа жағдаймен емханаға түсті.
Қазір анасы да күйзеліс салдарына «невроз», «тахикардия» диагноздарымен емделіп жатқан көрінеді.

Ол шағымында емханадан материалдық шығын ретінде 20 мың теңге мен  моральдық өтемақы ретінде 5 миллион теңге өтемақы талап етуде.


Атырау тұрғыны қызы өзіне ұқсамағандықтан ДНК сараптамасын жасатып тексеруді талап еткен

Жасырын түрде темекі шеккен 8-9 жасар қазақ баласы жұртты таң қалдырды (видео)

Алматыда кішкентай екі қызы жартылай сал болып қалған анасының күтіміне қарап отыр

Талқылау