Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық баласының өліміне кінәлі облыстық диспансерден 5 млн теңге өндірді

2010 жылы Зәуреш Дүйсембинаның ұлы облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емделу үшін түседі. Сол кезде дәрігерлер оған дұрыс емес препараттар тағайындап, балада кері әсер пайда болып, ол бауыр тапшылығына әкеп соқтырады.

sud_court_260815

Арсен 8 тамыз күні есін жимастан қалалық ауруханада көз жұмады. Тек 2013 жылы ғана бұл шу тудырған қылмыстық іс сотқа барған. Биылғы жылдың ақпан айында қалалық №2 сотбұл ұзаққа созылған іске нүкте қойып, облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Светлана Балицкая және физипедиатр Айнаш Қалжанованың кәсіби міндеттерін лайықты атқармағандары үшін айыпты деп таныды.

Қалжанова 2 жылға бас бостандығынан және 3 жылға дейін дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Балицкая бір жылға бас бостандығынан айырылып, екі жылға дейін медицина саласында қызмет атқара алмайтын болды. Бірақ, оқиға уақытының өтіп кеткендігіне байланысты, екі дәрігер де жазадан құтылды.

Ал 26 шілде күні Қостанай қалалық соты Зәуреш Дүйсембинаның облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық туберкулезге қарсы диспансерінен 10 млн теңге көлемінде моральдық шығын талап кеткен арызын қарастырды. Ол жаза кесілгеніне қарамастан, ұлының өліміне себепкер болған қызметкерлердің әлі күнге аталған мекемеде қызмет атқарып жүруі көңілімде үлкен қаяу тудырады дейді.

Іс материалын қарап шыққан сот талап етілген құнды 5 млн-ға дейін төмендетіп, оны төлеуді тек туберкулезге қарсы диспансерге міндеттеді.

Сот шешімі әлі күшіне енбеді.

Талқылау