Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда алма ағаштары қайта гүлдей бастады

 Қостанайда алма ағаштары қайта гүлдей бастады, деп жазады 24.kz.

алма-ағаш

Бұл табиғи құбылыс – жергілікті ғалым Андрей Удовицкийдің талай жылғы төккен маңдай терінің жемісі. Оның бақшасындағы алма ағаштары жылына екі рет жеміс береді. Таңқурайлары да өзгеден ерекше. Ал онкологиялық ауруларға ем болатын картоптарының құпиясы жетерлік. «Қалауын тапсаң, қар жанады» күтімін келістірсең, алма ағашын күзде де көктетуге болады. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Андрей Удовицкий – мұны іс жүзінде дәлелдеген адам.

Андрей Удовицкий, ғалым-сұрыптаушы:  «Уралочка» деп аталатын бұл сортты мен жасанды түрде гүл шашуға «мәжбүрледім». Ол үшін, біріншіден, халықарылық ауқымдағы сұрыптау жұмысы керек. Мысалы, біз солтүстік жарты шардамыз, бізде жемістер пісе бастады. Ал оңтүстікте бау-бақ енді гүлдеп жатыр. Екіншіден, өсімдіктерге жылыжай тектес орын, күтім керек», – дейді ғалым. Сонда жазы аз теріскей өңірдің табиғатында да жылына екі мәрте жеміс алуға болады. Ал оның теліміндегі картоптар жылына екі рет өнім береді.

Жетпіс бес жасқа толған ғалымның негізгі сүйеніші – отбасы, бала-шағасы. Олар ізденімпаз қарияның өмір бойғы тәжірибесі түбі жерде қалмайды, кәдеге асады деп сенеді.

Талқылау