Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда алаяқ екі бірдей зейнеткердің пәтерін иеленіп алған

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады. Соттың мәліметінше 2013 жылы азаматша Д. өзінің үш бөлмелі пәтерін басқа пәтерге ауыстырған.

9533556

Сурет РИА Новости

Оған өзінің жеке пәтері бар К. есімді адам хабарласқан. Шарттарына келістірген К. зардап шегушіге әзір құжаттар реттелгенше өзінің үйінде тұруға көндіреді. Дегенмен К. сенім хатты қолдан жасап 7 миллион 604 мың теңге тұратын зейнеткердің пәтерін иеленіп, сатып жібереді.

20 қараша күні сағат 13.00 шамасында К. үйінде болған кезінде оған зардап шегуші келіп пәтер мәселесі бойынша сөйлесуге келіп, сату кезінде алданып далада қалғанын айтады. Ақырында екеуінің арасында дау пайда болып, К. зейнеткерді бірнеше рет ұрады.

Алаяқтың екінші құрбандығы да сондай зейнеткер болған. 2015 жылдың 10 желтоқсанында ол құрбандығының пәтеріне келеді. Екеуара спирттік ішімдік ішкеннен кейін К. С-ға күш көрсетіп пәтердің құжаттарын беруді талап етеді. Қорқытып оны өзімен бірге нотариусқа баруға күштейді. Нотариусқа барған С. өз өмірі үшін қорқып сенімхатқа қол қойып береді.

Талқылау