Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 76 рет қылмыс жасаған ұрылар ұсталды

Қостанайда арнайы құрылған жедел-тергеу тобы көп эпизодты сериялы ұрлық жасауы мүмкін алты күдіктіні ұстады.

20161102121453

Ұсталғандарға ұрлау мен тонауға қатысты жалпы көлемі 76 қылмыс жасады деген айып тағылып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашаринаның айтуынша, барлық күдікті ұрлықпен айналысып, істі болғандар. Жедел-тергеу тобы ашқан аса көлемді тонау бір жарым ай бұрын болды. Қылмыскер жеке үйден 1,5 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған. 22 жастағы күдіктіден ломбардтың кепілзаттық билеттері табылды.

«Соңғы үш күнде сериялы автокөлік ұрлауға күдіктілер ұсталды, – дейді Кашарина. – Олар 25 және 27 жастағы екі қостанайлық болып шықты, олардан ұрланған аккумуляторлар мен бейнерегистраторлар табылды». Полиция статистикасына сәйкес, Қостанай облысындағы түрлі деңгейдегі ұрлық-қарлықтың 50 пайыздан астамы ашылды.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарлық 21 жастағы бойжеткен ауладан автокөлікті ұрлап мініп кеткен

Назым Қызайбай Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті (фото)

“МұзАрт” тобы еш жерде жария етілмеген құпияларымен бөлісті

Сауд Арабиясындағы басқарушы отбасының ханзадасына сот шешімімен дүре соғылды

Алматыда таксиші талмасы ұстап құлап қалған жолаушы әйелді зорлап тастаған

Талқылау