Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 5-ші қабаттан төсек жаймасымен түспек болған әйел құлап кетті

Қостанайда бір күнде биіктіктен құлап кету жағдайы бойынша екі оқиға тіркелді. Екеуінде де әйел адам болған.

1-4-640x427

Әл-Фараби көшесінде болған оқиға туралы куәгерлер хабарлаған. 10 наурыз күні кешкілік олар қайғылы жағдай болған орыннан суреттер жария еткен. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлауынша, әйел жабық пәтерде болған.

Ол төсек жаймасымен төменге түспек болған кезде құлап кеткен. 1965 жылы туған әйел алған ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмады. Осы күні Станционная көшесінде де осындай оқиға болады. 44 жастағы әйел 4-ші қабаттан құлаған.

2017-03-11-12.01.57-e1489229283130

“Ол алкогольді мас күйде болды. Әйелдің бірнеше жері сынған. Қазіргі таңда қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр”, – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Талқылау