Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда Күзембаевтың жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанай қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай қалалық ішкі істер басқармасына 15 ақпан күні жоғалып кеткен Данияр Күзембаевтың әйелі Эрика Кригер хабарласқан.

124

сурет kstnews.kz

Өткен тәулікте Данияр Күзембаевтың жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша барлық зерттеу шаралары басталып кетті. Қазір іздеу шаралары бойынша бірнеше нұсқа пайда болып отыр. Істі Қостанай қалалық ішкі істер басқармасы тікелей өз бақылауына алды.

1981 жылы туған Данияр Күзембаев 11 ақпан күні жоғалып кеткен. Ол бір досымен кездеспекші болған. Алайда осыдан соң оның ұялы телефоны өшіп қалған. Іздеу жұмыстары мұқият жүргізілгеніне қарамастан, әлі табылар емес. Спорттық дене бітімді Даниярдың үстінде көк түсті күртеше, қоңыр шалбар болған.

Талқылау