Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай университетінде өлтірілген мұғалім күйеуімен ажыраспақшы болған

Қостанайда университетте күйеуінің қолынан қаза болған Ольга Исенова онымен ажыраспақ болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото: Ольга Исенова “ВКонтакте”

Күн ыстық болғанына қарамастан ер адам университетке күрте киіп келген. Ол осылайша пышақты күрте ішіне жасырған.

«Адамды қалайша тамағынан орып тастауға болады? Бірнеше рет пышақтап тастапты. Нағыз жауыз адамның тірлігі», – дейді марқұм әйелдің анасы Галина Исенова.

«Пышақ әйелдің көктамырына жетіп, терең жарақаттаған. Басын да кесіп тастамақ болыпты», – дейді анасы.

Анасының айтуынша, қызы жолдсымен сутдент кезде танысып, бірге 13 жыл тұрған. Жолдасы өте қызғаншақ адам болғанын айтып өтті.

«Қызым күйеуінің өте қызғаншақ әрі сараң екенін айтып, бұдан былай шыдай алмайтынын ескертті. Ажырасуға бел буды», – дейді Галина Исенова.

Екі ай бұрын әйелі күйеуінен кетіп, пәтер жалдап тұрған. Күйеуі әйелі мен балаларына үйін беруде бас тартыпты. 14 мамыр күні сот отырысы өткен. Марқұм әйелдің жақындар Оляның жақсы ақша тапқанын айтады.

“Оля өте ақылды, дарынды қыз болатын, ән де айтатын, мектепті өте жақсы деген бағаға бітірген”, – деп еске алады математика пәнінің мұғалімі  Наталья Омельяненко.

Айта кетейік, 20 маусым күні ер адам университетке келіп, әйелін пышақтап өлтіріп кеткен еді. Өзі де терезеден секіріп мерт болған. Марқұмдардың артында екі баласы жетім қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау