Қостанай университетінде көз жұмған ерлі-зайыптының артында екі баласы қалды

Қостанай облыстық білім басқармасының балаларды әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Айжан Баймақанова ерлі зайыптының артында екі баласы қалғанын айтты.

Қостанай университетіндегі өлім: Күйеуінің қолынан көз жұмған әйел кафедра меңгерушісі болған

Айта кетейік, кеше Қостанайда ер адам унверситетке барып, әйелін пышақтап, өзі 8-қабаттан секіріп кеткен еді, деп хабарайды alau.kz.  Олардың қызы 4-сыныпта, ұлы балабақшаға барады. Ол 3 жаста.

«Балалар қазір Құсмұрында, екі бала әкесінен де, анасынан да айырылды. Туысқандары оларды патронатқа жатқызуға немесе қамқорлығына алуға болады», – дейді Баймақанова.

Өз күйеуінің қолынан қаза болған әйелдің Қостанай Әлеуметтік-технологиялық университетінің Инженерлік-технология факультетінде кафедра меңгерушісі болып жұмыс істегені белгілі болды. 35 жастағы Ольга Исенованың аталған оқу орнында қызмет еткеніне небәрі үш жыл болған.

Күйеуінің қолынан көз жұмған әйел Алматыдағы Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдаған.

Университет Исенованың күйеуінің оқу орнына суық қарумен барғаны туралы ақпаратқа қатысты еш түсініктеме бермеді. Бұған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында осы оқиғаға қатысты бірнеше нұсқалар жазылды. Онда күзетшілердің қайтыс болған әйелдің жұбайын жақсы танитыны айтылған. Сондай-ақ, олар ер адамның пышақпен келгенін, мұндай жағдайдың орын алатынын білмеген, делінген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар