Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғыны туған қызын өлтірді деп айыпталуда

Қостанай облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған сотына 1968 жылы туған азамат қылмыстық іс түсті. Оған туған қызын өлтірді деген айып тағылған.

svadebnaya-strelba-sud-otkazalsya-arestovat-pomoshchnika-prokurora-38459

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қарасу ауданы Комсомольский кентінде айыпталушы түскі ас уақытында ішімдік ішіп алып, ұйықтап қалады. Осы уақытта құрбыларымен 26 жастағы қызы келеді. Олар арақ ішіп, дауыстары қатты шығып, әңгімелесіп отырған. Шудан үй иесі оянып кетіп, қызына ескерту жасайды.

Осыдан кейін қызы екеуінің арасында ұрыс-керіс басталып кетеді. Дауыс көтеру, бір-бірін балағаттаудың арты төбелеске ұласады. Қызының ауыр сөздерін көтере алмаған ер адам асханадан пышақ алып, бойжеткеннің кеуде тұсына сұғады, ол оқиға орнында көз жұмады.


Жіберіп алмаңыз:

Газ бен тежеуішті шатастырып басқан ақтөбелік әйел жүргіншіні қағып өлтірді

Өгей әке 3 жасар қызды бассейнге тұншықтырып өлтірді (видео)

Алматы облысында жоғалған үш ағайынды жігіт өлі күйінде табылды

Талқылау