Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық балаларын шетелдіктердің асырап алғаны үшін 150 миллион теңге талап етіп отыр

Осыдан 8 жыл бұрын Қостанай тұрғыны Евгений Поляничконың екі баласы АҚШ азаматтары асырап алған еді. Енді ол мемлекеттен сол кезде балаларымен айырылысқаны үшін 150 миллион теңге өтемақы талап етіп отыр.

ккк

 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оның мұндай қадамға баруына жақында АҚШ-тағы асырып алған қазақстандық балалар Тори мен Куин Карлсондардың қайғылы жағдайы себеп болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін АҚШ-та қайтыс болған қазақстандық балалар жайлы хабарлаған болатынбыз.

Оқиғадан соң Евгений Поляничко америкалықтар асырап алған өз балаларының жағдайын ойлап уайымдап отыр.

Өзі лоторея билеттерін сатып күн көреді. Тапқан табысы өз басынан артылмайтынын айтады. Алайда, Висконсин штатынынң Фитчбург қаласына барып, балаларымен жүздесуді армандайды.

Сонғы рет әкесі Виканы екі жасында, Леонтиді үш жасында көрген.

Ол 2007 жылы бес баланың әкесі Евгений кенжелерін балалар үйіне өткізген. Алайда, өзінің айтуынша, тұрмысы түзелген соң оларды қайтарып аламын деп ойлаған екен. Бірақ кейіннен балаларын шетел азаматтары асырап алғанын білген.

Содан бері Евгений сотқа жүгініп әлек. 4 жыл бұрын ол балаларын заңсыз асырап алғанын дәлелдеген. Алайда, балалардың әкесі тірі бола тұра оларды шетелдіктердің асырап алуына рұқсат берген кінәлі адамдарды табудың сәті түспеген.

Сот шешімі де ешқандай нәтиже берумеген. Ал, Евгенийдің негізгі мақсаты – мемлекеттен 150 миллион теңге көлемінде моральді өтемақы алу.

Сонымен қатар Евгений балалары, 11 жастағы Зэкери мен 10 жастағы Снайдердің, өзге АҚШ азаматтары асырап алғанын қалайды. Сөйтіп, олар өзіне балалары жайында айтып, есеп беріп тұрса екен дейді. Алайда, балаларын өзіне қайтарып алуды ойламайтын секілді.

Талқылау