Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғыны риэлторлардың кесірінен айырылып қалған пәтерін 7 жыл бойы қайтара алмай жүр

Қостанай тұрғыны риэлторлардың кесірінен айырылып қалған пәтерін қайтара алмай жүр. 58 жастағы Николай Мановицкийдің сот пен мемлекеттік органдарды жағалап, пәтерін тартып алып, заңсыз сатып жібергенін дәлелдей алмай жүргеніне 7 жыл болған.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Николай Мановицкийдің пәтерін риэлторлар заңсыз сатып жіберген. Ол көпқабатты тұрғын үйдің 3-қабатында 2 бөлмелі пәтерде тұрған екен.

«Олар араққа қандай да бір зат қосып жіберді. Есімнен танып қалдым. Олар құжаттарды жоғалтып алғаныма сендіріп, құжаттарға қол қойғызып алды. Мен сенімхатқа қол қойдым. Қабілетсіз күйге түскен едім», – дейді жәбірленуші Николай Мановицкий.

Ал «қара риэлторлар» тобы 2015 жылдың күзінде сотталған. Сонымен қатар сот алаяқтардың Мановицкийдің үйін заңсыз тартып алғанын мойындаған. Алайда Николайдың ауыртпашылығы мұнымен жеңілдемепті.

«Аппеляциялық инстанция соттың бірінші және екінші сатып алу-сату келісім шарты жалған екенін мойындаған ұйғарымын шығарды. Факті бойынша,  Аймұқановамен жасасқан бірінші келісім шарт шынайы болып қалады. Және ол азаматшаны пәтерінен шығарудан бас тартылды», – дейді жәбірленушінің өкілі Марина Оришкевич.

Демек Николай Мановицкий ресми түрде алаяқтардың әрекетінен жәбірленуші ретінде танылса да, пәтерін қайтарып алу мүмкіндігі аз. Ал «қара риэлторлардың» тұзағына түсіп қалмаудың амалдарының бірі – сатып алу-сату жөніндегі келісім шартты заңгердің қатысуымен жасау. Ал алаяқтық құрбаны болсаңыз, бірден полицияға хабарласу керек.

«Құқық қорғау органдарына хабарласып, қылмыстық іс қозғап, соңына дейін жеткізу керек. Мүлкіңізді қайтарып алуға негіз болатын үкімнің негізінде ғана сотқа жүгінуге болады», – дейді қорғаушы Лимара Серғазина.

Десе де бұл да мүлкіңізді қайтарып алуға кепіл бола алмайды. Әсіресе, риэлторлар пәтеріңізді сатып жіберіп үлгерсе. Себебі Николай Мановицкийдің жағдайында, пәтердің қазіргі иесі де алаяқтардың әрекеті үшін кінәлі емес. Демек 58 жастағы жұмыссыз ер адамға әлі де көшеде күнелтуге тура келетін сияқты.

Оқи отырыңыз:

Бас прокуратурада «зорланған» 7 жасар баладан жауап алынып жатыр

Қоғам қайраткері Нұрлан Ерімбетов өмірден озды

Астана тұрғыны электр қуаты үшін 13 миллион теңге қарызданып қалды

Талқылау