Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғыны қанатына оқ тиіп жараланған аққуды құтқарып қалды

Қостанайдан Петропавлға қарай Сарыкөл тасжолында келе жатқан Владимир және Алексей Чумаченколар жол бойында әлсіреп жатқан аққуды көріп қалып көмек көрсеткен.

fvWdtu4GUW_

“Бұл туралы “Костанайские новости” хабарлайды.

Олар бастапқыда құстың неліктен жолда отырғанын түсіне алмаған. Тек қайтар жолда ғана мән беріп қарапты. Жақындай келе оның қанатына оқ тигенін байқап, киелі құсты өздерімен бірге алып кетеді.

Алексей мен Владимир аққу үшін баспана іздеп біраз шабылған. Оларға көмекті тек “Амиго” ат клубының басшылығы көрсетіпті.

“Біз директорымен сөйлесіп едік, ол келісімін берді. Әрі аумақта жасанды тоған бар. Қазір аққу өзін жақсы сезінеді, нан, бидаймен қоректенуде. Біз оған тіпті сүт те ішкіздік. Тек қанаты жаралы демесең, дені сау құс”, – дейді клубтың әкімшісі Виктория Соболь.

Клуб әзірге “жаңа қонаққа” есім бермеген. Олар құсты жағдайын қарайтын маманның келуін күтіп отыр.

Оқи отырыңыз:

Сапарбаев мешітке бас сұқпайтын ақсақалдарды сынға алды

Амантай қажы ЭКСПО-да “Аттан, қазақ” деп таяғымен айқайлап шетелдіктерді шошытты

Алматылықтар шет тілін тегін үйренетін болды

Жазушы телевизиядағы сауатсыз қазақ журналистерді сынай отырып басшыларына назын айтты

Талқылау