Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайлық әйелге таксиде ұмытып кеткен қызын бір жылдан кейін қайтарып берді

Соттан кейін әйел өмір сүру салтын өзгертіп, жұмысқа орналасып, арақты тастапты.

tyty

Бұл туралы alau.kz хабарлайды.

Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық соты ата-ана құқығын шектеуді алып тастауға қатысты істі қарады.

Жағдай 2015 жылдың желтоқсан айында басталған. Әйел адам 5 жасар қызына қатысты жағдайдан кейін ата-ана құқығынан айырылады. Оқиғаға негіз болған жағдай – әйелдің өз қызын таксиде ұмытып қалдырып кетуі. Алкогольді мас күйде болған әйел ішкі істер органдарына өзі хабарласпаған. Ол еш жерде жұмыс істемеген, тұрмыстық жағдайы да төмен екен.

“Соттан кейін ол өмірін толықтай өзгертіп, жұмысқа орналасып, арақты тастады. Қазір қызы үшін бар жағдайды жасауға тырысып жатыр. Сотта ол өзіне бір мүмкіндік беруді сұрады. Қызы “Жанұя” деп аталатын отбасылық типтегі ауылда тұрған кезде ол апта сайын қызына барып, жағдайын біліп тұрды. 204 000 теңге көлемінде айыппұл да төледі. Қызынсыз өмір сүре алмайтынын, оны қатты сағынғанын айтты,” – дейді прокурор Жанна Ибраева.

Осы жағдайдан соң прокуратура оның өтінішін қанағаттандырып, қызды анасына қайтарған.

 

Талқылау