Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны зейнет жасына бірде-бір құжатсыз жеткен

Қостанай облыстық соты зейнет жасына дейін бірде-бір құжаты болмаған азаматшаға қатысты құқықтық деректі тіркеді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.

pasporta-rk-e1479987585925

Алтынсарин ауданында тұратын Әмина Кәукенова зейнетке шығатын кезде, рәсімдеу үшін қажетті құжаттарды бере алмаған. Ол 1952 жылы 22 мамырда Жангелдин ауданында туған екен.

1970 жылдардың басында ол тұрмысқа шығады. Отасқан жылдары алты баланы өмірге алып келеді, оның екеуі мүгедек болып қалған. Әйелдің өзі еш жерде білім алмаған, оқымаған және жұмыс істемеген. Осы уақытқа дейін ауруханаға барып немесе құжаттарын реттеуге қатысты қандай да бір қадам жасамаған.

Сот барысында оның көршілері, туыстары мен таныстары әйелдің нақты жасына қатысты куәлік берген. Сонымен қатар, оның тегі мен туған күні туралы мәлімет Свердлов ауылдық кеңесінің мұрағат қорында сақталған.

Алтынсарин аудандық сотының шешімімен Кәукенованың туған датасы туралы құқықтық деректі тіркеу расталды.

Оқи отырыңыз:

Желіде Қазақстаннан қашып кеткен Рысқалиевтің видеосы пайда болды

Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған

Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан

Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі жарылған дөңгелегін ауыстыратын зат тапты (видео)

Талқылау