Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны қар тазалайтын көлікті ұрлап кеткен

Қостанай облысында ішімдікке тойып алған тұрғын қар тазалайтын көлікті ұрлап кеткен. Оның бұл әрекеті сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ed4955b4929600fcd2e8d3b52e000141

Суреттер “Астана ақшамы” басылымынан алынды

Рудный қаласының орталық көшесін қардан тазартып жүрген жүргізуші көлігінен бірер минутқа шығып кеткен екен. Сол сәтте 37 жастағы жергілікті тұрғын грейдерді айдай жөнелген. Тек тәртіп сақшылары жолын бөгегенде ғана тоқтады. Ащы суға сылқия тойып алған ол көлікті не үшін айдап кеткенін түсіндіре алмай отыр. Оған енді 2 млн теңге көлемінде айыппұл салынады немесе екі жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Талқылау