Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны діни көзқарасына байланысты қан құйғызудан бас тартуда

Қостанайлық хирургиялық орталықта 77 жастағы науқас ауыр халде жатыр. Әйел адамға шұғыл түрде қан құйылуы керек. Алайда ол діни көзқарасына байланысты аталған процедурадан бас тартуда, – деп хабарлайды Alau.kz.

Бұл деректі Қостанай хирургиялық орталықтың хирургия бөлімінің меңгерушісі Виктор Гаврилов та растап отыр.

Дәрігердің сөзінше, әйел адам орталыққа «панкреонекроз» диагнозы бойынша түскен. Көп қан жоғалтқандықтан, ол бір ай бойы қан құйылуына мұқтаж халде жатыр.

«Науқастың ақыл-есі дұрыс. Діни сеніміне байланысты аталған процедурадан мүлдем бас тартуда. Біз оны мәжбүрлей алмаймыз. Сол себепті қажетті шараның барлығын ота жасау арқылы жүзеге асырмақпыз. Бірақ науқасқа қандай жағдай болғанда да қан құю қажет», – дейді Қостанай хирургиялық орталықтың хирургия бөлімінің меңгерушісі Виктор Гаврилов.

Виктор Гавриловтың айтуына қарағанда, қызы да науқастың ойын өзгертуге ықпал ете алмаған.

Естеріңізге сала кетсек, 16 шілдеде анасы діни себептерге байланысты қан құюдан бас тартқандықтан қостанайлық қыз көз жұмған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Ғалымдар өмірді ұзартудың оңай жолдарын атады

Ғалымдар емтихан алдында баланы немен тамақтандыру керектігін антықтады

Теміртауда күйіп қалған металлургтердің беті бері қарады

Ресей Денсаулық сақтау министрлігі алкогольдің пайдасы туралы мәлімдеді

Талқылау