Қостанай облысының тұрғыны бұзылған жеміс-жидек сатқаны үшін жауапқа тартылды

Қостанай облысының тұрғыны қала базарларының бірінде карантиндік өнімдерді сатқаны үшін жауапқа тартылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеп.

Қостанай облысының тұрғыны бұзылған жеміс-жидек сатқаны үшін жауапқа тартылды

Облыс орталығының тұрғыны үстіміздегі жылдың тамыз айында Қостанай сауда базарларының бірінде карантиндік өнімдер сатқан. Ол сатқан қауын мен шабдалыдан, бұрыш пен жүзімнен «шығыстық жемір көбелегі» карантиндік зиянкестер табылды.

Бұзылған жеміс-жибек сатқан заң бұзушы сотта кінәсін мойындап, өнімнің ластанғаны жайлы білмегенін түсіндірді. Оның сөзінше, ол бұзылған жеміс-жидекті жолшылай жүргізушіден сатып алған.

Ер адам Қостанай облысының арнайы әкімшілік сотының шешімінен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заң бұзған қостанайлыққа 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Дегенмен, ол өкініш білдіріп, абайсыздығымен алғаш рет заң бұзғандықтан айыппұл мөлшері 30 пайызға азайтылды. Сондай-ақ, ол сатқан бұзылған өнімдер тәркіленді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар