Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны 38 жыл бойы ешбір құжатсыз өмір сүрген

Азаматтың анасы да еш құжатсыз болғандықтан, оны туылғанда еш жерде тіркемеген. Анасы 2000 жылы қайтыс болған. Ол 1985 жылы қайтыс болған әкесімен де заңды некеге тұрмаған екен.

000024_896582_big

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қостанай облысында 38 жыл бойы ешбір құжатсыз өмір сүрген азаматқа қатысты заңды шешім шығарды. Қостанай облысы, Қарасу ауданының Октябрьское тұрғыны 38 жыл бойы ешбір құжатсыз өмір сүрген. Азамат жеке куәлік алатын уақытта сотқа оның туу туралы куәлігін рәсімдеу жөнінде арыз жазған.

Оның және куәгерлердің айтуынша ол 1977 жылы 14 маусымда Ақмола облысында дүниеге келіпті. Бірақ ол уақыттарда азаматтың туу туралы куәлігі Ақмола облысының Есіл ауданындағы туу туралы куәлікті тіркеу бөлімдерінің архивінде сақталмағаны анық болды.

Бұған Есіл аудандық ауруханасы туылу туралы журналдың тек 25 жыл ғана сақталатынын, соған байланысты азаматқа қатысты туу туралы мәлімет бере алмайтынын айтқан.

Сот отырысы кезінде оның әпкелері анасының еш құжаты болмағандықтан, олардың туылғандары жайлы еш жерде тіркелмегенін айтты. Ол інісі екеуі бір анадан туған. Анасы 2000 жылы қайтыс болған. Анасы 1985 жылы қайтыс болған әкесімен де заңды некеге тұрмаған екен.

Азаматтың туған күні есептік-қызметтік карточкадан, қорғаныс қызметіне қатысты анықтамалықтан және оқыған жері берген анықтамадан арқылы белгілеген.

Г. есімді азамат 1977 жылы туылғанынана байланысты 1985 жылы 5 қыркүйекте 1-сыныпқа барған. Азаматтың арызына байланысты сот барлық талаптарын орындады. Сондай-ақ, сот оның анасынан 1977 жылы 14 маусымда Ақмола облысының, Есіл ауданында дүниеге келгені туралы шешім шығарды.

Талқылау