Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының тұрғыны үлкендігі адамның басындай тіс тауып алды

Торғайда ер адам көлемі адамның басымен бірдей мамонттың тісін тауып алды.

Бұл туралы Костанайские Новости хабарлайды.

Шаруа Мұрат Салмұратов Торғай қаласынан 40 километр жердегі қыстақта ерекше олжаға кенелген. Содан соң оның видеосын желіге жүктеген. Тістің ұзындығы – 16,5 сантиметр. Көлемі бойынша шамамен адамның басындай.

Тіс тамақты шайнауға қажетті көптеген көлденең тілімнен тұрады. Мамонттардың төрт тісі болған – үстіңгі жақта екеу, астында екеу. Тіс түскенде орнына жаңасы шығып отырған. Мамонт алты ретке дейін тісін ауыстырған.

Мұрат Салмұратов табылған олжаны жергілікті музейге тапсыруға шешім қабылдады.

Оқи отырыңыз:

Вашингтондағы 101 жастағы Әсия әжей Отанына оралғысы келеді

Ақтөбе тұрғыны 32 млн теңгеге Есет батырға ескерткіш орнатты

Астананың сол жақ жағалауында жарықтың сөну себебі белгілі болды

Ақтау тұрғындары электронды әмиян көмегімен героин сатқан

Талқылау