Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысының әкімі жұмысшыларға он үшінші жалақы беруді ұсынды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық отырыста кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының есебі тыңдалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

“Индустриалды-инновациалық даму мемлекеттік бағдарламасының орындалуы өңірде оң нәтиже көрсетіп отыр. Өнеркәсіп өндірісінің үстіміздегі жылғы тоғыз айындағы көлемі 286,7 млрд теңгені құрады. Осы бағдарлама аясында жаңа өндіріс орындары пайдаланылуға беріледі. Соңғы 7 жыл ішінде аймақта 125 млрд теңге болатын 84 жоба жүзеге асып, шамамен 5 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылды”, – дейді Шаимов.

Айтуынша, Қарабалық ауданында бройлерлік ет өндіру жобасы тоқтап тұр. Қазір “Шаңырақ” компаниясымен келіссөз жүргізілуде. Жоспар бойынша 2018 жылдың төртінші тоқсанында алғашқы өнім алынбақ. Мұнымен қатар, Қостанай қаласындағы “Шемішке майын өндіруді ұйымдастыру” жобасы да жолға қойылып келеді.

Архимед Мұхамбетов дүкендердегі азық-түлік тауарларының бағалары қалыпты болуына көп көңіл бөлуді ұсынды. “Мұнымен қатар, мекемелер мен кәсіпорындарда қызметкерлердің еңбек жалақысы бойынша қарыз болмағаны дұрыс. Айтулы мерекелерге орай он үшінші  жалақы беру жағын да қарастырыңыздар”, – деді облыс әкімі.


Жіберіп алмаңыз:

Түркияда көлік қаққан отандасымыздың ақшасы таусылып жатыр

Еліміздің бас шыршасы ЭКСПО аумағында орналасатын болды

Ақтөбедегі дағдарыс орталығы бір күн де жұмыс істемей жабылып қалды

Тілешов латынша таңбалаудың үшінші нұсқасы неге алынбағанын түсіндірді

Талқылау