Қостанай облысының әкімі Қытай көліктерін жарнамалап таңқалдырды

Сейсенбі, 16 Ақпан , 2016 22:45

Қостанай облысының әкімі машина құрастыру саласын дамытуды қолға алып, биылдан бастап мұнда көлік құрастырылып, сатылымға шығарылатынын айтты. Бұл туралы КТК арнасының тілшілері хабарлады.

0

Әкім атаған автокөліктер Қостанайда шығарылатыны болмаса, негізінен саймандардың  барлығы шетелден әкелінеді екен. Жергілікті зауыт былтыр қытайлық компаниямен келісімге келіп, зауыт салуды бастапты. Енді биылдан бастап мұнда көлік құрастырылып, сатылымға шығарылады.

Жобаға барлығы 14 миллард теңге инвестиция құйылу жоспарланып отыр. Жылына 8 мыңнан астам сапалы темір тұлпар құрастыруды көздеген аймақ басшысы, оның орташа бағасы 4 миллион теңгеден аспайды деп отыр. Ақтөбеден алыстап, Қостанайды басқарғанына жарты жыл енді толған Архимед Мұхамбетов бұл ауқымды жобасы іске асса, су жаңа машиналарды қайда сататынын да жоспарлап қойған.

“Ресейдің көліктерімен бәсекелес боламыз. Сондықтан алғашқыларын осы көрші мемлекетке жөнелтеміз. Қостанайда құрастырайық деп отырған автомобильдерді өз көзіммен көрдім. Ол шет елдің қымбат машиналарынан әлдеқайда артық”, – деді Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар