Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов топан су басқан ауылға келмей қалды

Жұма, 22 Сәуір , 2016 7:20

Қостанай облысындағы топан су басқан Суриковка кентінің жағдайын нөсерлете жауған жаңбыр ушықтырып тұр. Қуатты сорғыштар 150 мың текше метр су шығарғанымен, оның деңгейі түсер емес. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

70046365-610

Сурет top-news.kz

Өткен аптада үш бірдей көл арнасынан асып, бұл елді мекенді су басып қалған болатын. Тасқынның астында қалған 20 үйдің тұрғындары әлі күнге мектепте күнелтуде. Олар енді не қайда барып тұрарын, не өтемақы алатын-алмайтынын біле алмай дал.

Суриковка тұрғындары үйлеріне әлі күнге дейін қара жер басып бара алмай жүр. Оларды құтқарушылар резеңке қайықтармен жеткізеді. Онда да тек су басқан үйлерінен жарамды заттары мен құжаттарын алу керек болса ғана. Бұл ауылдың тасқын астында қалғанына бір аптадан асса да, судың деңгейі түсер емес.

“Жағдай күрделі. Оның үстіне жауын да толастар емес. Біз суды сорып алғанымызбен, қайта толып қалып жатыр”, – дейді Қостанай облыстық ТЖД бастығының орынбасары Виктор Шиллер.

Суриковка 12-ші сәуірде топан судың астында қалған болатын. Арнасынан асқан 3 көлдің суы елді-мекенді тұтас басып, үйлердің шатырына дейін көтерілген. Баспанасыз қалған 55 адам жергілікті мектепке орналастырылды. Ал апаттың салдарын жоюға өңірдегі төтеншежағдай қызметінің барлық күші жұмылдырылды. Қуатты 7 сусорғыш құрылғы бес тәуліктен бері тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Алайда іс өнер емес.

Қазірдің өзінде 150 мың текше метр су сорылып, екі бөгет орнатылған. Кентті құрғатуға нақты қанша уақыт кететінін құтқарушылар да айта алмайды. Бәрі ауа райына байланысты. Ал тасқыннан есеңгіреген жұрт жаңа қиындыққа тап болды. Олар енді өтемақы ала алмаймыз ба деп қорқып отыр.

“Үйлері өз атына рәсімделмегендерге ақша берілмейді дейді. Олай болса біз баспанасыз қаламыз. Қартайған шағымызда көше кезбелері атанатын болдық”, – деді Суриковка кентінің тұрғыны Вера Тукманова.

Суриковка тұрғындарының көбінің күйі қазір осындай. Қолдарында үйді сатып алғаны туралы әкімнің мөрі басылған қолхат болғанымен, өз аттарына рәсімделмеген. Бастапқы қожайындары әлдеқашан ауылдан көшіп кетіпті. Үйінің құжаты жоқтарды былай қойғанда барларының өзі өтемақы алатын-алмайтынынан бейхабар. Сондықтан тұрғындар мәселемізді шешіп береді деп кеше облыс әкімін күткен еді. Алайда ол ауылға ат басын бұрмады. Әкімдіктегілер өтемақы мәселесі туралы тілшілерге де сұхбат беруден бас тартып отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ол жер сатып алайын деп уақыты жетпей жатыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар