Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында үйінде босанған әйелдің сәбиі көз жұмды

Қостанай облысының Тарановское ауылында үйінде босанған әйелдің сәбиі көз жұмды.

Қостанай облысында үйінде босанған әйелдің сәбиі көз жұмды

Бұл туралы Аlau.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша бала өлі туылған.

«Полицейлер бекіткендей, 34 жастағы әйел жүктілік бойынша тіркеуде тұрмаған. Ол баланы үйде медициналық көмексіз босанған», – деп хабарлады облыстық басқармадан.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.

Талқылау