Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында жүк көлігі ҰҚК қызметкерінің көлігімен соқтығысты (видео)

Қостанай облысында КамАЗ бен УАЗ көліктері соқтығысып, салдарынан бір адам мерт болды. Тағы бір адам ауып жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша, УАЗ көлігі ҰҚК-ның шекаралық қызметіне тиесілі.

Қостанай облысында жүк көлігі ҰҚК қызметкерінің көлігімен соқтығысты (видео)

Апат орын алған жерден өтіп бара жатқан жүргізушілер оқиға болған жерді видеоға түсіріп, желіде таратуда, деп хабарлайды alau.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Видео кадрларына қарағанда, УАЗ-дың оң жақ есігінде оның ҚР ҰҚК шекаралық қызметіне тиесілі екенін білдіретін таңба бар.

Екі көліктің қатты соқтығысқаны сонша, қызметтік УАЗ көлігінің кабинасының быт-шыты шыққан. Ал жүк көлігі оқиғадан кейін жолдың шетіне аударылып қалған.

Қостанай облыстық полиция департаменті жол-көлік оқиғасы фактін растады. Олардың мәліметінше, УАЗ-дың жүргізушісі көз жұмған. Ал жолаушы түрлі жарақатпен аурухана жеткізіліпті. Жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші зардап шекпеген екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау